Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

АҚШ-тың Мичиган штатында Детройт қаласындағы синагогада атыс болды

13.03.2026, 10:50 29

АҚШ-тың Мичиган штатында, Детройт қаласына жақын аумақта орналасқан синагогада атыс оқиғасы тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, белгісіз адам нысанның күзет қызметкерлерімен оқ алмасқан. Қазірге дейін зардап шеккендер туралы нақты ақпарат расталған жоқ. 

Окленд аймағының шерифі Майкл Бушардың мәлімдеуінше, әзірге ешкімнің жараланғаны жөнінде ресми дерек жоқ, алайда атыс болғаны туралы ақпарат тіркелген. 

Кейінірек халықаралық ақпарат құралдары оқиға кезінде күдіктінің қаза тапқанын хабарлады. CNN мәліметіне қарағанда, ол синагога аумағына көлікпен келген, ал күзет қызметкерлері оны байқап, оқ атқан. 

Оқиғадан кейін қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, жақын маңдағы мектептен оқушылар эвакуацияланған. Сондай-ақ жергілікті тұрғындарға уақытша үйлерінен шықпау жөнінде ескерту жасалған. 

Бұл жағдай АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясынан кейін аймақтағы ахуал күрделене түскен кезеңде болып отыр. Осыған байланысты оқиға орнына көптеген құқық қорғау қызметкерлері тартылған.

Фото: Азаттық

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: