Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

АҚШ-тың басылымында ел Президентінің мақаласы жарияланды

06.04.2022, 11:45 200

HALYQLINE.KZ АҚШ-тың беделді The National Interest басылымында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Еуразиядағы құбылмалы жағдай Қазақстанның дамуын бәсеңдетпейді» атты мақаласы жарияланды.

Мақалада Тоқаев қасіретті қаңтар оқиғасының қайталануына жол бермеу және өзінің басшылығымен қабылданып жатқан шаралар жөніндегі Қазақстанның жоспары туралы айтады. Сондай-ақ, Украина мен Ресей арасындағы мәселеде бар, деп хабарлайды Экспресс К.

The National Interest басылымындағы мақала посткеңестік кеңістікте болып жатқан оқиғалармен басталады. Онда Президент Ресей мен Украина арасындағы шиеленіс Еуропа континентінде ұзақ уақыттан бері болмаған трагедия екенін жазған. Әрі осы соғыстан екі ай бұрын Қазақстанда да зорлық-зомбылыққа ұласқан оқиғаның болғаны айтылады. Бірақ осы жараны емдеу үшін батыл шешім қабылданып, алға жылжуға бел буылғаны нақты көрсетілген.

«Еуразия әрқашанда серпінді аймақ болды. Оны бейбіт әрі ашық етіп сақтау үшін келісілген күш салу қажет. Қазақстан мен Ресей өзара ынтымақтастықтың ерекше байланысын қолдайды. Сонымен бірге бізде Украинамен достық қарым-қатынастың терең дәстүрі бар. Біз әлемнің көптеген елдері сияқты оның аумақтық тұтастығын құрметтейміз», – деп жазылған мақалада.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өз мақаласында Қазақстанды реформалау және жаңғырту жөніндегі негізгі бастамалары, ең алдымен, халық көтерген экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталғанына баса назар аударады. Әрі жаңа Қазақстанда биліктің тармақтары мен мемлекеттік органдар арасында өкілеттіктердің балансын басқаша қалыптастыру жоспарланып отырғаны, Қазақстан басқарудың «суперпрезиденттік» моделінен «нормативтік-президенттік» басқару түріне көшетіні де қамтылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан экономикасын монополиядан арылту мәселесі туралы айта келіп, «жүйе тек таңдаулы адамдар үшін ғана емес, азаматтарымыздың игілігіне қызмет етуі керек» дейді. Өкінішке қарай, бұрын бұндай жағдайға жиі жол берілгенін еске салды. Осыған байланысты Президент «инклюзивсіз өсім орнықты болмайды» деп атап өтті. Сондай-ақ мақалада «олигархтар мен олардың монополияларына тиесілі орасан мол байлық еліміздің жұмысшы және орта таптарының игілігіне қайта жұмсалады», – деп жазды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: