Ақ үйге қайта оралған Д. Трамптың баспасөз хатшысы 5 ақпан күні БАҚ өкілдеріне арнайы брифинг өткізді, – деп жазады halyqline.kz тілшісі Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
Брифинг барысында Каролин Левитт экс-Президент Байденнің әкімшілігін қажетсіз шығындарға жол берді деп айыптайтынын ашық айтты. Ол демократтардың бұл әрекетін ақымақтыққа балады.
Каролин Левит мәлімдемесінде Қазақстанға да қатысты дерек келтірді.
«Жынысты өзгерту ісін қолдап Гватемалаға 2 миллион доллар, Ирактағы Сезам көшесі шоуы мен Қазақстанда жалған ақпаратпен күресу үшін миллиондаған доллар бөлген. Нақтыласақ, Қазақстанға осы бағыт үшін 4,5 миллион доллар бөлінген», – деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!