Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлемнің таңғажайып жерлері

07.08.2025, 9:00 204

Салар  де  Уюни  (Боливия) – әлемдегі  ең үлкен тұзды көл. Бұл көл жаңбырдан кейін үлкен «айнаға» айналады. Аспан мен бұлт жерге көшкендей  болады.  Ғарышкерлер  оны «Жердегі  ең  тегіс  бет» деп есептейді.   Ұзындығы – шамамен 10 500  шаршы  шақырым.

Халонг  шығанағы  (Вьетнам) – тастардан құралған  ғажайып  әлем. 1600-ден астам әктас аралдары судан көтеріліп тұр. Шығанақ атауы «Айдаһар суға түскен жер» деген мағына береді. Бұл орын ЮНЕСКО-ның «әлемдік мұралар тізіміне» енген.

Аватар таулары (Қытай, Чжанцзяцзе) – бұл жерде орналасқан тік жартастар Джеймс Кэмеронның «Аватар» фильміндегі Пандора әлеміне шабыт берген. Биіктігі 1000 метрге жуық. Тау  арасынан  «әйнек  көпір»  өтеді.  Бұл – биіктіктен  қорықпайтындар  үшін  нағыз  сынақ.

Қайнар  бұлақтар  (Исландия – Блю Лагун) – жер  асты  ыстық  суларымен  толы  көгілдір  көл. Бұл – демалыс пен емделуге арналған мекен. Температурасы – 39°C  шамасында. Қыста мұнда шомылу  ерекше  әсер  береді. Суы  ыстық, ал ауасы  суық.

Хан Сидің үңгірі (Вьетнам) – жер  астындағы әлем. Әлемдегі ең үлкен үңгір. Оның ішіне үлкен орман, өзен, тіпті бұлттар да сыяды. Үңгірдің биіктігі  200 метр, ұзындығы 9 шақырымға жетеді.

Аврора (Солтүстік шұғыласы) – аспанның отты биі. Норвегия, Исландия, Канада сынды солтүстік елдерде көрінетін бұл табиғи құбылыс күннің бөлшектері жердің атмосферасына соқтығысуынан пайда болады. Түрлі-түсті шұғылалар  аспанды  бейнебір  жанып  тұрғандай  етеді.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: