Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлемдегі ең кедей ел Түркияға төрт миллион доллар жинап берді

21.02.2023, 17:45 330

HALYQLINE.KZ Сомалиде екі күн ішінде Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін төрт миллион доллар жиналды, деп жазады ulysmedia.kz. TRT арнасының мәліметінше, жиналған қаражаттың бір миллион долларын үкімет берсе, ал қалған үш миллионын осы Африка елінің азаматтары жинады.

Қайырымдылық акциясын Сомали премьер-министрі Хамза Абди Барре бастаған. Сомали 2021 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ 446 долларға тең әлемдегі ең кедей елдердің қатарына кіреді (Қазақстанда 10 373 доллар).

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: