HALYQLINE.KZ Соңғы 40 жылда егіздердің дүниеге келуі үш есе артты. Бұл Оксфорд университеті ғалымдарының зерттеуі нәтижесінде анықталып отыр. Бұл туралы massaget.kz сайты хабарлады.
Алынған мәліметтерге сүйенсек, әлемдегі әрбір 42-ші әйел егіз босанады. Жылына шамамен 1,6 миллион егіз дүниеге келеді. Бұл – тарихта бұрын-соңды болмаған жағдай. 1980 жылдары туған мың нәрестенің тоғызы ғана егіз болатын. Қазір егіздердің 12,80%-ы Африкада немесе Азияда туады. Егіз туудың ең үлкен өсімі Солтүстік Америкада (71%), Еуропада (60%) және Азияда (32%) байқалады.
Ғалымдар егіздердің туу коэффициентінің көтерілуінің негізгі себептері босанатын әйелдердің жасының ұлғаюы және репродуктивті технологиялардың дамуы деп есептейді. Егіз дүниеге әкелу ықтималдығы 35 пен 39 жас аралығында жоғары болады. Соңғы кезде кеш тұрмыс құрып, балаларды осы жас аралығында дүниеге әкелу белең алған. Жасанды ұрықтандыру кезінде кейде сәбидің өмірге келу мүмкіндігін арттыру үшін жатырға бірнеше эмбриондар салынады. Осының барлығы егіздер санының артуына әкелген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!