Кеме суға батып кеткеннен кейін, оны қалай құтқаруға болатынын барлығы біледі.
(с) Жапон мақалы
***
Күшіңді білгің келсе, алдыңа үлкен мақсат қой.
(с) Шығыс даналығы
***
Әмияның қаншалықты қалың болса, әзілдеріңе соншалықты қатты күледі.
(с) Чародин мақалы
***
Табыс – еңбектен қорықпағанның сыбағасы.
(с) Жапон мақалы
***
Қабырғалар тек біздің санамызда ғана бар.
(с) Итальян мақалы
***
Батпақта жүрген бақаға мұхит туралы айтып әуре болма.
(с) Қытай мақалы
***
Арыстан болғысы келетін мысық алдымен тышқанға деген тәбетінен айырылуы керек.
(с) Африка мақалы
***
Жар үшін таяқ жесең, жара түспес.
(с) Ұйғыр мақалы
***
Бағы бардың жұбайы өзіне тең болар.
(с) Татар мақалы
***
Бірін-бірі сүйсін дегенше, бірін-бірі білсін де.
(с) Француз мақалы
***
Сұлулық сұқтануға жақсы, ақылды жұптануға жақсы.
(с) Орыс мақалы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!