Америкада бай кәсіпкердің отбасында дүниеге келіп, 81 жыл өмір сүрген Хетти Грин – тарихтағы ең сараң әйел.
Әкесінен 7,5 миллион доллар мұра қалса да (кейін ол мұрасы миллиардқа жетті), миллионерге тұрмысқа шықса да, өте үнемді өмір сүрді. Азық-түлік дүкендерінен тек жартылай торттар мен сынған печеньелерді сатып алды, екі цент қана тұратын пирог жеді. Ешқашан ыстық су ішпеді, жалғыз қара көйлекпен өтті. Баласы аяғын сындырып алғанда да, ақша жұмсамау үшін емдеуді кейінге қалдыра беріп, ақыры ұлы аяғын ампутациялауға мәжбүр болды.
Бір қызығы, қартайып қайтыс болғанға дейін 16 жасында тігіп алған жалғыз ішкиіммен өтті (суретте).
Өлімі де сол сараңдығына қатысты. Қызметшісіне аз жалақы төлеуге байланысты дау-дамайдан инсульт алып қайтыс болды.
Есесіне ұл-қыздары жомарттығымен танылып, Хеттиден қалған мұраға тегін ауруханалар салды.
Бекжігіт СЕРДАЛЫ.
Facebook-тегі парақшасынан алынды.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!