Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

130 ғана адамы бар тәуелсіз «мемлекет»

22.12.2020, 15:30 461

HALYQLINE.KZ Мгинго аралы Африкадағы Виктория көлінде орналасқан. Арал – Кения мен Уганда арасындағы даулы аймақ. Көлемі шамамен 1,8 мың шаршы метрлік аралда 131 адам тұрады (кейбір мәліметтер арал адамдары 400 деп есептейді). Бұл адамдар тәуелсіз «сенат республикасын» құрған. Жергілікті тұрғындар балық аулап күн көреді және өз қауымына басқа адамдарды кіргізбейді.

Бұл ресми емес мемлекеттің негізі 1991 жылы қаланған

Мгинго 1991 жылға дейін елсіз арал саналған. Тек 1991 жылы бұл жерге кениялық екі балықшы – Далмас Тембо мен Дорж Кибебе келіп, осында қалуға шешім қабылдаған. Екі батыл балықшыға Кения, Уганда және Танзаниядан тағы 60 африкалық қосылған. Бұл адамдардың Мгингоға көшуге тек балық аулап, жақсы өмір сүру мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар теңсіздік пен надандықтан ада жеке «мемлекет» құру итермелеген. 2009 жылға қарай арал тұрғындарының саны 131 адамға дейін өсті. Осыдан кейін «ықпалды сенаторлар» Тембо мен Кибебе өз коммуналарына басқа ешкімді кіргізбеуге шешім қабылдаған.

Арал адамдары бай тұрады

Бұл жердің тұрғындары негізінен Ніл алабұғасын аулап тіршілік етеді. Әр отбасы аптасына 200-250 доллар (шашамен 100 мың теңге) табады. Бұл қаржы – көршілес елдердегі африкалықтардың 2-3 айдағы орташа жалақысы.

Аралдың Кения мен Уганда арасындағы даулы аймақ болғаны Мгинго «мемлекетінің» тәуелсіздігін сақтауға мүмкіндік береді. Екі ел де оны өзінің аймағына енгізе алмайды, сондықтан бұл балықшылар тәуелсіз саналады.

Мгинго адамдар ең тығыз қонстанған арал саналады

Соңғы 20 жылда екі мемлекет Мгингоның кесірінен 9 рет қарулы қақтығысқа барған. Бастапқыда Кения мен Угандадағы жағалау күзеті балықшылардың қайықтарын сындырып, торларын кесіп, алты адамды атып тастады. Бірақ содан кейін екі ел келісімге келді. Ал балықшылар оларға салық төлейтін болды.

Кения мен Угандаға төленген салықтар балықшылар табысының 25 пайызын құрайды. Түсімнің тағы 10 пайызы аппараттар мен коммунаның қорғаныс күштеріне түседі, яғни арал тұрғындары өздерінің бостандығы үшін тапқан ақшасының 60 пайызын «мемлекетке» төлеуі керек. Бірақ кірістің қалған 40 пайызы да оларға Виктория көліндегі көршілеріне қарағанда әлдеқайда жақсы өмір сүруге мүмкіндік береді.

Аралды кім басқарады?

Аралда 5 кафе, сұлулық салоны, дәріхана, сонымен қатар бірнеше қонақүй бар. Арал басшыларының ережелері бойынша бейтаныс адам мұнда бір күннен артық тұра алмайды.

Коммунаны екі «ықпалды сенаторлар» Тембо мен Кибебе басқарады, бұған қоса тағы 5 сенатор (30 жастан асқан ер адамдар) сайланады. Шешім көпшілік дауыспен қабылданады.

Мемлекеттің өз заңы бар

Аралдағы ең қатаң жаза – «мемлекеттен» қуып шығу. Ал қамшымен ұру – қарапайым жаза. Осы уақытқа дейін алты қылмыскер ұрлығына байланысты қуғын-сүргінге ұшыраған.

Мгингодан 200 метр қашықтықта Усуинго аралы бар. Ол жерде адам тұрмайды. Мгинголықтардың пікірінше, Усингода «Тук» деген зұлым рух өмір сүреді. Мгингодан қуылған зұлым рух – «Калеле» де сонда барып пана тапқан екен. Усуинго да Кения мен Уганда арасындағы даулы аймақ саналады.

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: