Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

12 жастағы атқарушы директор

28.11.2024, 9:45 46

HALYQLINE.KZ

Мозия Брижес (Mozia Bridges) атты балақайдың көбелек формасында галстук (бантик) байлайтын жеке бизнесі орасан табысқа жеткені сондай, бүгінде ол – әлемдегі ең алдыңғы қатардағы бизнесмендердің бірі. М.Брижес талғампаз киінгенді ұнататын, бірақ ол өзін қызықтыратын галстукты ешбір дүкеннен таба алмағандықтан, өз бизнесін ашып, әртүрлі әсем бантиктер шығара бастайды. Оның ісін барынша қолдаған әжесі оған алғаш рет іс тігуді үйреткен екен.

Бес жұмысшысы бар «Snake Butterfly Tie» (Моның бантиктері) компаниясының иесі Мозия небәрі 12 жасында аталмыш компанияның атқарушы директоры болған екен.

Ол бизнесті 2009 жылы АҚШ-тың Теннеси штатындағы Мемфис қаласында бастаған, қазір оның байлығы 150 000 АҚШ долларын құрайды.

Mozia Bridges (Мозия Брижес) көптің назарын өзіне аударғаны сондай атақты «Vogue» және «GQ» журналдарының мұқабаларынан оның суреті түскен емес.

Қазіргі уақытта ол бизнесін кеңейту және бірнеше әлемге танымал брендтермен бірлесіп жұмыс істеу туралы келіссөздер жүргізуде.

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: