Арал ауданында ас тұзын өндіретін жаңа зауыттың құрылысы жоспарланып отыр. Бұл туралы аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев мәлімдеді.
– «Тоғыс-Аралотын» ЖШС жүзеге асыратын жоғары сұрыпты ас тұзы өндірісі – аудан экономикасын әртараптандыратын маңызды жоба. Жобаның құны 1,8 млрд теңге. Кәсіпорын іске қосылғанда 20 адам жұмыспен қамтылады, – деді ол.
Әкімнің айтуынша, бұл өндіріс ішкі нарықты қамтамасыз етумен қатар, экспорттық әлеуетті де арттыруға бағытталған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!