Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өнер – ұрпаққа үлгі, елге мұра

30.12.2025, 9:00 59

HALYQLINE.KZ

Қармақшы ауданы Көшеней Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінде жыраулық өнерді дәріптеген тағылымды мәдени іс-шара – «Өнер – ұрпаққа үлгі, елге мұра» атты үйірме шәкірттерінің есепті концерті жоғары деңгейде өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Сыр бойынан бастау алған жыраулық дәстүрді сақтау, дамыту және жас ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев қатысып, жиналған қатысушыларға ізгі тілегін білдірді:

— Ауданымызда дәстүрлі жыраулық өнер ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып жалғасып, бүгінгі күнге дейін өз мән-маңызын жоғалтпай келе жатыр. Осынау асыл мұраны сақтап, кейінгі буынға жеткізу жолында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Бұл игі бастамалар «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығының тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылатыны ерекше атап өткен жөн. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Өнер – ұрпаққа үлгі, елге мұра» атты жыр-терме, ақындық, күйшілік сыныптарындағы есепті концерті – соның айқын дәлелі, — деді Диас Асылбекұлы.

Концерт барысында «Рүстембек жырау», «Тұрмағамбет ақын», «Базар жырау», «Қорқыт» және тағы да басқа үйірмелердің жетекшілері және жас жыршылар өнер көрсетіп, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Сондай-ақ көрермен тарапынан да ерекше қошемет көрсетіліп, ұлттық өнерге деген құрмет жоғары бағаланды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: