Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақтөбе облысында жол апатынан 12 адам қаза болды

23.10.2025, 11:05 110

HALYQLINE.KZ

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасынан 12 адам қаза болып, тағы бес адам медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Полицияның мәліметінше, 23 қазанда Самара – Шымкент автожолында, Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен «ГАЗель» жолаушылар көлігі соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша жүк көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында екі жүргізуші мен «ГАЗель» автокөлігінің 10 жолаушысы қаза тапқан, тағы бес адам медициналық мекемеге жеткізілген.

«Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Анықталғандай, «ГАЗель» жолаушылар көлігі ресми түрде Т.Жүргенов ауылынан облыс орталығына жолаушылар тасымалдаумен айналысқан», — делінген хабарламада.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Көрнекі сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: