HALYQLINE.KZ Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 315 оқиғасы болып, оның жалпы саны 13 872-ге жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлайды.
Өткен тәулікте тағы да рекордқа жақын көрсеткіш тіркелді. Демек, әлі пандемияның «шарықтау шегінен» түсе алмай жүрміз.
Қарағандының қарқыны әлі де қатты. Ол бүгін тағы 52-ден қайтты. Астана мен Алматының да вирустың «беті» қайтар емес. Шымкент пен Алматы облысы да үдетіп келеді.
Сонымен, өткен түнгі сағат 23:59-да есепке алынған 315 дерек қалалар мен аймақтар бойынша былай бөлінді:
Қарағанды облысы – 52, Астана қаласы – 50, Алматы қаласы – 48, Ақтөбе облысы – 48, Шымкент қаласы – 29, Алматы облысы – 20, Батыс Қазақстан облысы – 15, Атырау облысы – 14, Маңғыстау облысы – 11, Шығыс Қазақстан облысы – 9, Жамбыл облысы – 5, Түркістан облысы – 4, Солтүстік Қазақстан облысы – 4, Павлодар облысы – 2, Ақмола облысы – 2, Қостанай облысы – 1.
Өткен тәулікте тек Қызылорда облысында вирус жұқтыру оқиғасы тіркелмеді. Осының арқасында облыс екі саты кейін шегінді. Оның алдына Ақтөбе және Алматы облыстары түсіп кетті.
Есепті кезеңдегі эпидемиологиялық ахуал мынадай:
- Алматы қаласы – 3005
- Астана қаласы – 2620
- Қарағанды облысы – 1342
- Атырау облысы – 1246
- Шымкент қаласы – 1051
- Батыс Қазақстан облысы – 893
- Ақтөбе облысы – 492
- Алматы облысы – 490
- Қызылорда облысы – 484
- Жамбыл облысы – 462
- Түркістан облысы – 420
- Маңғыстау облысы – 368
- Павлодар облысы – 298
- Шығыс Қазақстан облысы – 224
- Қостанай облысы – 210
- Ақмола облысы – 186
- Солтүстік Қазақстан облысы – 76.
Осы кезге дейін 8593 адам жазылып шығып, 67 адам қайтыс болды.
Аймақтар бойынша індеттен сауығып шыққандардың мәліметі:
- Алматы қаласы – 2008
- Астана қаласы – 1829
- Атырау облысы – 892
- Қарағанды облысы – 619
- Батыс Қазақстан облысы – 488
- Шымкент қаласы – 455
- Қызылорда облысы – 346
- Алматы облысы – 321
- Жамбыл облысы – 289
- Түркістан облысы – 267
- Ақтөбе облысы – 252
- Маңғыстау облысы – 204
- Павлодар облысы – 182
- Қостанай облысы – 155
- Ақмола облысы – 145
- Шығыс Қазақстан облысы – 93
- Солтүстік Қазақстан облысы – 48.
Аймақтар бойынша қайтыс болғандар мәліметі:
Астана қаласы – 14, Алматы қаласы – 10, Шымкент қаласы – 10, Павлодар облысы – 8, Қарағанды облысы – 7, Ақмола облысы – 4, Атырау облысы – 3, Түркістан облысы – 3, Батыс Қазақстан облысы – 3, Қостанай облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Жамбыл облысы – 1.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!