Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пандемияның екінші толқыны болмауы мүмкін

11.06.2020, 14:25 763

HALYQLINE.KZ

Италия ғалымдары осындай мәлімдеме жасады. Олар коронавирус ағынының бәсеңдеуін көрсететін зерттеу деректерін ұсынды. Бұл күзде пандемияның келесі толқыны болмайтынына сенуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Милан университетінің вирусологы мен проректоры Массимо Клементи мамыр айында италиялық медицина қызметкерлері бастаған науқастарға жүргізілген мониторинг COVID-19 бар пациенттердің ауру дәрежесі төмендегенін көрсететінін айтты. Қарқынды терапия талап етілетін науқастардың пайызы азайып келеді. Осыған орай, үй карантинінде өз бетінше емделе алатын вирусты жұқтырғандардың саны өсуде. Массимо Клементи індеттің бастапқы кезеңінде мамыр айының соңына қарағанда он есе жоғары болғанын атап өтті. Бұл вирустың адам ағзасына бейімделіп, әлсірей түсетінін білдіруі мүмкін. Ғалымның айтуынша, бірқатар елдерден келіп түскен деректер осы гипотезаны растайды. Мұндай көрсеткіштер кезінде күзде ДДСҰ болжап отырған пандемияның екінші толқыны болмауы мүмкін.

Айта кетейік, елімізде тағы 239 адамнан коронавирус табылды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 13558-ге жетсе, 8400 адам емделіп шыққан. Өкінішке қарай, 67 адам осы індеттен қайтыс болды.

Көрнекі сурет: nsn.fm

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: