HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласында жаңа қан орталығы нысаны бой көтермек. Сырдария өзенінің сол жағалауынан 7000 шаршы метр көлемінде үлкен ғимарат салу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникаицялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов баяндады.
«Қазіргі уақытта сметалық жұмыстары жасалып, мемлекеттік сараптамаға дайындалуда. Алдағы уақытта жаңа мекеме іске қосылады. Қан орталығының базасында 22 109 донор бар. Оның ішінде, белсенді түрде қан тапсырып, өзгелерге үміт сыйлап жүрген жерлестеріміздің саны 700-800-ді құрайды. Қазіргі таңда қан орталығында жыл басынан бері 7541 адам қан тапсыруға ниет білдіріп, оның 3442-сі донор болды», – деді сала басшысы.
Донор болу үшін жасы 18-ге толған, арнайы медициналық тексерілулерден өткен, қан тапсыруға қарсы көрсеткіші жоқ және қан және оның компоненттерін медициналық мақсатта ерікті түрде тапсыратын жеке тұлғалар бола алады.
Сондай-ақ, 14 маусым – Бүкіләлемдік донорлар күні. Дүниежүзілік донорлар күні жыл сайын «Қан тапсырып, өміріңмен бөліс!» ұранымен аталып өтеді. Донор болу – біреудің өмірін ғана емес, өз өміріңді де құтқару.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!