Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бетперде тағуды жалғастыра беру керек

10.06.2020, 10:40 527

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны – 471, ал симптомсыз – 67 азамат. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Соңғы тәулікте 19 дерек тіркелді. Оның симптомды жаңа жағдайының 4-еуі емхананың скринингінен, 1-еуі қарым-қатынас арқылы, ал симптомсыз 14 жағдайдың 2-еуі ақылы тест сынамасынан, 10-ы қарым-қатынастан, 2-еуі емхананың скринингінен анықталды»,- деді бас дәрігер.

Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған 5445 азамат анықталды. Оның ішінде, 3271-і – тікелей қарым-қатынаста, 2174-і жанама байланыста болған.

Құрметті облыс тұрғындары, статистикаға қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтанда сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде тағуды жалғастыра беруге шақырамыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: