Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Covid-19: Қызылордада 2 науқастың жағдайы өте ауыр

03.06.2020, 11:00 461

HALYQLINE.KZ

03.06.2020ж. сағат 09:30 уақыты бойынша аймағымызда «Covid-19» вирусын жұқтырғандар қатары 448-ге жетті, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Соңғы тәулікте 23 дерек тіркелді. Анықталған 23 жағдайдың 20-сы Қызылорда қаласынан, 3-еуі Жаңақорған ауданынан тіркелді.

Бүгінгі күнге инфекциялық стационарда 161 науқас ем алуда. Оның ішінде 4 науқас жансақтау бөлімінде жатыр.  Екеуінің жағдайы өте ауыр деп бағалануда, ИВЛ аппаратына қосылған. Екеуі ауыр күйінде қалуда.

Тәулігіне алынған 818 тест сынамасының 625-і теріс мәнді, 23-і оң мәнді болып шықты. Қалған сынамалармен жұмыс істелуде.

Айта кетейік, аймағымызда бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясының 448 дерегі тіркеліп отыр. (Қызылорда қаласында – 237 жағдай, Арал ауданы – 47, Қазалы ауданы – 7, Қармақшы ауданы – 7, Сырдария ауданы – 27, Шиелі ауданы – 75, Жаңақорған ауданы – 48).

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: