Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шекара шебіндегі абырой мен адалдық

04.03.2025, 17:30 35

Қазіргі таңда шекара қызметінде нәзік жанды арулар ерлермен қатар ел шебін күзетуде. Бұл сала ұқыптылықты, қырағылықты және жоғары жауапкершілікті талап етеді. Қиындығы мен жауапкершілігі мол қызметте арулар тек кәсіби біліктіліктерімен ғана емес, сондай-ақ табандылығы, төзімділігі және патриоттық рухымен ерекшеленеді. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында “Қорқыт ата” шекаралық бақылау бөлімшесінің кіші бақылаушысы кіші сержант Гүлназ Тәжібаева өзінің қызмет атқарып жүрген саласы туралы айтты.

  • Әскери қызмет – тек ер азаматтарға ғана тән мамандық емес. Бүгінде ел шебін күзетіп, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аруларымыз да ерлермен қатар қызмет атқаруда. Біз өз міндетімізді атқара отырып, әр азаматқа құрметпен қарап, заңдылық пен әділдікті сақтауға бар күш-жігерімізді саламыз. Шекара қызметінде жұмыс істеу – үлкен абырой әрі зор жауапкершілік. Күн сайын біз мемлекетіміздің шекарасының тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етеміз. Әйел бола тұра, әскери салада қызмет ету – төзімділік пен табандылықты қажет етеді. Біз нәзік жанды болғанымызбен, әрқашан қызметімізге адалдық танытып, ел алдындағы борышымызды абыроймен орындауға тырысамыз. Біздің бойымыздағы жауапкершілік, табандылық, ұқыптылық пен әділеттілік бұл қызметте ерекше маңызға ие. Қиындығы мен жауапкершілігі мол бұл қызметте нәзік жандылардың орны ерекше. Біз тек ел шебін күзетіп қана қоймай, қоғамға, болашақ ұрпаққа үлгі көрсетеміз,-деді, Гүлназ Аймағамбетқызы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: