БАҚ өкілдері барған екінші нысан – қаладағы КБИ мөлтек ауданында орналасқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа білім ордасы. Журналистер мектептің заманауи инфрақұрылымы мен оқу процесіне қатысты жаңашылдықтарды көріп, оның ішкі және сыртқы құрылыс ерекшеліктерімен танысты.



– «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған бұл мектеп ғимараты 2025 жылдың 16 қаңтарында пайдалануға берілді. Қазіргі таңда 1051 бала білім алуда. 43 сынып комплектісі бар. Сонымен қатар 116 мұғалім қызмет атқарады. 110 мұғалім жоғары білімді, 6 мұғалім – арнайы орта білімі бар қызметкерлер. Мектепте барлық жағдай жасалған. 138 орындық кең акт залы бар. Сондай-ақ би залы, балалардың бос уақытында кітап оқуларына арналған кітапхана бар. Мектебімізде 2 спорт залымыз бар. 1-4-сынып бастауыш оқушыларына арналған бөлек спорт зал бар. Одан бөлек химия, физика, биология кабинеттері жоғары деңгейде жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған дефектолог, логопед, психолог, әлеуметтік-педагог кабинеттері бөлек блокта орналасқан. Мектепте 26 кабинеттің барлығы соңғы үлгідегі заманауи технологиялармен жабдықталған. Балалардың сабақ оқуына, білім алуына толық жағдай жасалған. Сонымен қатар, мектебімізде үйірме жұмыстары жұмыс істейді. Спорт, қолөнер, сурет, домбыра, би үйірмелеріне оқушыларымыз қатысады. Одан бөлек мектептен тыс басқа үйірмелерге қатысатын оқушыларымыз да бар. Мектепте робототехника, цифрлық сауаттылық, дизайн және қолөнер кабинеттерінде оқушыларға барлық мүмкіндік жасалған. Балаларымыздың қызығушылықтары өте жоғары, көңіл күйлері көтеріңкі. Қысқа мерзімнің ішінде барлық жағдайы жасалған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы арқылы салынған мектеп үшін ата-аналардың, мұғалімдердің, өзімнің атымнан алғысымды айтамын. Сыр елінің білім саласы жоғары деңгейден көріне берсін! – деді №197 орта мектебінің директоры. Еркін Ақшалов.
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!