Желіде ІІМ Ақтаудағы Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының бастығының ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады.
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 366-бабы (Пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процесуалдық кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды», – деп атап өтті департаментте.
Дереккөз: KAZ.NUR.KZ.
Фото: kaz.orda.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!