Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жайлы мектеп» – жасампаз жоба

17.10.2024, 10:50 59

HALYQLINE.KZ

Ұлттық жоба аясында өңірде алғашқы 900 орындық «Жайлы мектеп» 1 қазан күні оқушыларға есігін айқара ашты. Бұл ғимарат Қызылорда қаласының Сол жағалауы тұрғындарының мемлекеттік мектепке деген сұранысына толық жауап береді, деп жазады Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Мектепте білім алушылардың, педагогтердің қауіпсіздігіне қатысты шаралар бірінші жолға қойылған. Яғни, баланың кіріп-шығуын қадағалайтын ішкі-сыртқы бейнекамералармен қамтылған. Ұстаздардың шығармашылықпен еңбек етуіне барлық мүмкіндік жасалған. Ерекше балалар үшін кедергісіз орта құрылған. Ғимаратта заманауи робототехника кабинеттері, түрлі зертханар, хореография залы, коворкинг алаңдары бар. Мұндай жасампаз жоба білім беру жүйесін жаңартып, сауатты ұрпақ тәрбиелеуге жол ашады.

Айта кету керек, Мемлекет басшысының бастамасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы еліміздің барлық аймағында жүзеге асырылуда. Ұлттық жоба аясында 740 мың оқушыға арналған 369 мектеп салынады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: