Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жануарлардан жарақаттанушылар саны азайды

18.05.2020, 15:43 818

Қызылорда облысында 2020 жылдың 3 ай қорытындысымен тұрғындар мен жануарлар арасында аса қауіпті құтырма ауруы тіркелген жоқ. Бұл туралы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мәлімдеді.

Ал әртүрлі жануарлардың тістеуінен, тырнап, сілекейленуінен зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінгендер саны – 528 адам. Бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда зардап шеккендер санының 15%-ке төмендегенін көрсетеді (2019ж 3 айы – 621).

Есепті кезеңде Арал, Қармақшы, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарында және Қызылорда қаласында жарақаттанушылар саны төмендесе, Қазалы, Жалағаш аудандарында жоғарылап отыр. Жарақат алғандардың 38,6%-і (204 жағдай) 14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде болды. Сонымен қатар жарақаттанудың 66,2%-і немесе 349 жағдайы қалалық тұрғындарға тиесілі.

Жарақат алғандардың басым көпшілігі немесе 84,%-і иттен алған жарақаттар болса, 6,6%-і – мысықтан, 0,7 %-і – жылқы, қасқырдан, 3,9%-і – мүйізді ірі қарадан және 3,8%-і басқа жануарлардан жарақат алған.

Егесіз ит-мысықтарды жоюға облыс бойынша бөлінген қаражатқа 10 бригада жасақталып, барлығы 3 803 ит, 164 мысық жойылды.

2020 жылдың басынан бастап облыс бойынша құтырма ауруына ветеринарлық зертханада 10 жануар тексеріліп, оның 5-еуі «оң» нәтиже берген. Оның ішінде Қазалы ауданында 6/1, Сырдария ауданында 2/2, Жаңақорған ауданында 2/2.

Облыс көлемінде тұрғындар арасында құтырма ауруының алдын алу мақсатында санитарлық ағарту жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті жануар тістеп, тырнаған кезде бірден дәрігерге қаралап, ем алуға кеңес береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: