HALYQLINE.KZ –| Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 222-ге жетті. Бүгінгі күнге дейін сауығып шыққандар саны — 140. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Жаңадан анықталғандардың 1-еуі скринингтен анықталса, 4-еуі — коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған азаматтар. Соңғы тәулікте барлығы 553 зертханалық сынама алынса, оның 543 сынамасы теріс мәнді болды. 5 сынама оң мәнді болса, 5 сынама зерттелу үстінде. Қалдық тест — 5000», – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған 3242 азамат анықталды. Оның ішінде, 1746-сы жақын қарым-қатынаста, 1496-сы жанама байланыста болған.
Жалпы, 22 сәуірден бері қарай COVID-19 инфекциясы 73 науқастан анықталған. Оның ішінде:
— 12-сі медицина қызметкері;
— жабық мекемелерді скринингтеген уақытта 2 науқас;
— 43 азамат қарым-қатынас арқылы;
— 7 азамат вахталық жұмыстан келгендер;
— 3 азамат блок-посттардан тоқтатылып, тексеру барысында анықталғандар;
— 5 науқас медицина ұйымдарындағы фильтр кабинеттерінен тұмау, пневмония белгілерімен шағымданғандардан;
— 1 азамат Ресейден келген студент.
Құрметті облыс тұрғындары, соңғы 15 күннің статистикасына қарағанда, вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Сондықтан, оқшауланып, шектеу шараларына мұқият болуға шақырамыз!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!