Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Денсаулық сақтау министрлігі елімізде коронавирустың Эрис штамы анықталғанын мәлімдеді

05.10.2023, 17:42 269

HALYQLINE.KZ

Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы – Эрис анықталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

Ажар Ғинияттың сөзінше, Қазақстанда коронавирустың қандай штамдары бар екенін анықтау үшін ай сайын зерттеулер жүргізіледі. Соңғы зерттеулер елімізде жаңа штамм таралғанын көрсеткен.

«Біз елде жаңа штамм таралып жатыр ма, жоқ па, вирустың түрі өзгерді ме, соны білу үшін ай сайын коронавирусқа генетикалық талдау жасаймыз. Соңғы генетикалық зерттеулер елімізде Эрис штамының таралғанын көрсетті.

Вирус мутацияға ұшырайды және оның әртүрлі штамы пайда болып жатады. Егер өткен айда бізде мұндай түрі (коронавирус – ред.) жоқ деп айтсақ, енді зерттеулер нәтижесінен кейін оның елімізде таралғанын байқап отырмыз», – дейді министр.

Фото: tengrinews.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: