Бұл оқиға корей оқушыларының арасында кеңінен таралған. Әсіресе орта мен жоғары мектеп оқушыларының қыздары жиі бір-біріне айтып жүреді. Мектеп қабырғасында оқитын жасөспірім бала шешек ауруына шалдығады. Біраз күйзеліске ұшырап, бірақ аурумен күресіп, берілмей дертінен айығады. Дегенмен, аурудан толық жазылса да, бетінде жара болып, дерттің ізі қалады. Құдды бір қиын күндерін қайта-қайта есіне түсіріп тұрғандай. Бала әлі жас қой. Онсызда ауырған кезінде бәрі жиіркеніп қарайтын. Енді жазылған кезде қоғамның күнделікті әңгімесіне, назарына қалғысы келмейтіні түсінікті. Сол себепті бетіндегі жарадан құтылу үшін оқушы бала бәріне дайын болады. Қаншама крем, жақпамай ешқайсысы балаға көмек бермеген-ді.
Солай күн мен түн өтіп, сұрамаған адамы, қақпаған есігі қалмайды. Әбден қиналып кеткен баланы көрген бір адам «бақсыға барып көрсейші» деп кеңес береді. Шарасыз оқушы бақсыға барады. Барлық басынан өткен оқиғаны ашық түсіндіреді. Тіпті шерін шығарып, жеңілдеп қалады. Бақсы «қолымнан келмейтін бұл өмірде ешнәрсе жоқ» деп балаға бірден көмектесуге шешім қабылдайды. Бала қуаныштан секіріп, жүзі бал-бұл жайнайды. «Ұйықтар алдында тарақанды тауып, жастығыңның астына салып қой. Тарақанмен бірге ұйықтасаң, азанда жараның ізі де қалмайды» деп айтады. Бала бақсының сөзіне иланып, айтқанын қаз-қалпында орындайды.
Келесі күні ұйқыдан тұрған бала жүгіріп барып айнаға қарайды. Әдетте айнаға мүлде жоламайтын ол бұл жолы біраз тұрып қалады. Расымен, бақсының кеңесі көмектесті ме, бала бетіндегі жараларын алғашқыда байқамайды. Алайда жақындап қараса, жаралары кетпеген. Тек жараның тыртықтары тарақанның жұмыртқаларына толып кеткен екен.
Корей тілінен аударған
Азамат АБИМОЛДА
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!