Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Төрт тілшіден коронавирус табылған

29.04.2020, 15:45 524

HALYQLINE.KZ –|   Қазақстанда коронавирус инфекциясын төрт тілші жұқтырып алды. Бұл туралы Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

– Біздегі мәліметтер бойынша індетке шалдыққандар арасында төрт журналист бар. Олар инфекцияны науқаспен қарым-қатынас кезінде жұқтырып алған. Қазіргі уақытта аталған тілшілердің жағдайы қанағаттанарлық деңгейде, – деді Айжан Есмағамбетова онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Айжан Есмағамбетова мамырдың соңында елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 5,3 мыңға жетуі мүмкін екенін айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: