Қызылорда қаласының прокуратурасымен денсаулық сақтау мекемелерімен халықтың нысаналы топтарын, оның ішінде кәмелетке толмағандарды профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарына талданып, нәтижесімен қала аумағына қарасты емханалар бойынша заң талаптары сақталмай, 2022 жылы профилактикалық қарап-тексеруден өтуі тиіс 25 202 кәмелетке толмаған профилактикалық медициналық қарап-тексерумен қамтылмағаны, олардың денсаулығының жай-күйіне кешенді бағалау жүргізілмегені анықталды.
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 87-бабына сәйкес скринингтік зерттеулерхалықтың нысаналы топтары арасында ауруларды ерте сатыларда анықтау және аурулар дамуының, аурулардың пайда болуына ықпал ететін тәуекел факторларының алдын алу, халықтың денсаулығын қалыптастыру және нығайту мақсатында жүргізіледі.
Кодекстің 78-бабының 1-тармағы 3-тармақшасында әрбір баланың профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге және динамикалық байқауға, емделуге, дәрілік қамтамасыз етілуге, сауықтырылуға және вакцина алуға құқығы бар.
Сондай-ақ 2022ж. 10880 кәмелетке толмаған аудиологиялық скринингтен өтуі қамтамасыз етілмегендігі анықталды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 09.09.2010ж. №704 бұйрығымен бекітілген «Скринингті ұйымдастыру қағидаларының» 56, 57-тармақтарына сәйкес аудиологиялық скрининг жаңа туған нәрестелердің, ерте жастағы балалардың есту қабілетінің бұзылуын уақтылы анықтау, ерте араласу, мүгедектікке әкелетін ауруларды оңалту және алдын алу үшін жүргізіледі және барлық жаңа туған нәрестелерді, ерте жастағы балаларды және 6 жастағы балаларды қоса алғанда қамту міндеттелген.
Атап көрсетілген заң бұзушылықтарды жоюға бағытталған іс-шараларды қабылдау туралы қала прокуратурасымен прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, қала аумағындағы кәмелетке толмағандар дәрігерге дейінгі, білікті және мамандандырылған кезеңдерді қамтитын профилактикалық медициналық қарап-тексеруді кезеңділігіне сәйкес және аудиологиялық скринингтен өткізілуде.
Скринингтік зерттеулердің уақтылылығы мен сапасын медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган бақылайтындықтан, заң бұзушылықтарға жол берген жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершіліктері де қаралды.
Қызылорда қалалық прокуратурасы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!