Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілуде

27.04.2023, 17:42 359

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті өкілдері мен  ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті атынан тергеп-тексерулер бөлімінің басшысы Е.Карибаев қатысуымен, сондай-ақ, Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы және оған қарасты мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілуде.

Осыған орай, Қызылорда облысы бойынша департаментінің тергеп-тексерулер бөлімінің басшысы Е.Карибаевөз ұсыныстарын жолдады.

Атап айтқанда, Департаментпен «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) қызметіне мониторинг жасалынды.

Қоғамның жарғысына сәйкес төмендегідей қызмет түрлерімен айналысатыны анықталды:

  • электр энергиясын беру және бөлу;
  • сенімді, іркіліссіз жұмысын ұйымдастыру, энергетикалық жабдық, қондырғылар, құрылыстарын жобалау, дайындау, монтаждау және жөндеу;
  • энергетикалық тораптар мен энергетикалық жабдығын дамыту, қайта жаңарту және жетілдіру.

Алайда, Қоғам өз жарғысында көзделмеген ғимараттарды жалға беру қызмет түрімен бүгінгі күнге дейін заңға қайшы айналысып келетіні анықталған.

Осы ретте Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының тарапынан, ҚР Кәсіпкерлік Кодекстің 194-бабының 1-тармағында көзделген әрекетсіздік таныту белгілері байқалады және де Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілері бойынша жауапкершілігі қаралуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: