Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Адам жанының арашасы

09.04.2023, 14:50 307

Денсаулық саласының айналасында сын мен мін жиі айтылатыны хақ. Десе де, Гиппократ антын бұзбайтын мамандар қоғамда жетерлік. Оның қатарында қызылордалық дәрігерлер де бар. Шыны керек, халық арасында дәрігерлерге «адам жанының арашашысы» деген атақ пен құрмет беріледі. Алайда ақ желеңді қауым тек бар білігін жасайды, ал қалғаны Алла Тағаланың қолында. Дегенмен, мамандарға халыққа қызмет көрсету үшін жағдай жасалуы керек-ақ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында негізгі бес бағдардан тұратын болса, оның үшінші, яғни «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция» атты бағдарында жалпы ұлт денсаулығына басымдық беріледі. Ең маңызды инвестиция құйылар нысан – денсаулық саласы екендігін тағы да қадап айтады. «Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе.  Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды.
Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Дегенмен, оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді. Сондықтан, аса маңызды  мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн. Соның бірі – қаржыландыру жүйесі. Осы салаға қаржының жеткілікті бөлінбеуі қалыпты жағдайға айналған. Соның кесірінен, жұрт сақтандыру жүйесіне қосылса да, медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмей отыр.


… Бүгінде еліміздегі 650 елді мекенде емдеу мекемесі жоқ. Алдағы екі жылда бұл ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етіледі. Осылайша, мемлекет бір миллионнан астам адамның алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуына мүмкіндік жасайды»,- деген мемлекет басшысы тек қалалық жерлерде ғана емес, медицина саласы бойынша ауылдық жерлердегі қордаланған мәселелердің тез арада шешімін табуына жағдай жасау қажеттілігі туралы атқарылар жұмыстардың көзін атап берді.

Міне, мемлекет басшысы жан-жақты қолдауды жасамақ. Соның арқасында біраз өзгерістер байқалуда. Осыдан үш жыл бұрын ана мен бала өлімі аймақта өршіп тұрған еді. Босана алмай, ажал құшқан аналарға еш қам-қарекет жасауға мүмкіндік болмады. Бүгінде бұл көрсеткіш едәуір төмендеді. Қуантарлық жайт. Ана мен бала денсаулығына қажеттінің бәрін жасаған мемлекетте ғана дені де, жаны да сау, таза ұрпақ өсіп, жетіледі, ұлт болашағы жарқын болмақ.

Ақмарал Жолмаханова,

Облыстық перинаталдық орталығы Нәрестелерді қарқынды емдеу және жансақтау бөлімінің жоғары санатты мейіргері

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: