HALYQLINE.KZ «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында облыс орталығында заманауи үлгідегі 8 мектеп салу жоспарланып отыр. Оның бесеуінің құрылысы биыл басталады.
Атап айтқанда:
• Жезқазған трассасы бойынан 600 орындық мектеп;
• Сол жағалауда 400 орындық 300 орындық жатақханасымен физика-математикалық мектеп-интернаты;
• Сол жағалауда 900 орындық мектеп;
• Арай мөлтек ауданында 2000 орындық мектеп;
• КБИ мөлтек ауданында 600 орындық мектеп;
• СПМК 70 мөлтек ауданында 2000 орындық мектеп;
• Қызылжарма ауылдық округінде 900 орындық мектеп салынады.
Сондай-ақ, Қызылорда қаласында №2 мектеп жанынан қосымша 550 орындық, №101 мектеп жанынан 375 орындық қосымша ғимарат құрылысы биыл пайдалануға беріледі. Ал № 264 мектеп жанынан 550 орындық және №3 мектеп-гимназия жанына 375 орындық қосымша ғимарат құрылысын бастау жоспарлануда.Айта кетейік, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында алдағы 2023-2025 жылдары Қызылорда облысында 21 заманауи білім ордасы бой көтермек. Оның ішінде, биыл 10 мектептің құрылысы басталады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!