Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Серіктес босану – бірге туу

29.11.2022, 15:50 744

 HALYQLINE.KZ Серіктестік босану – босанушы әйелдің жақын адамдарының босануға қатысуы. Жәрдем берушінің басты мақсаты – рухани қолдау, денеге түсетін ауыртпашалаққа демеу болу, босанатын адамға қолайлы, жайлы атмосфера қалыптастыру, яғни ол алдын-ала босану процесін біліп, дайындалып келген адам болу керек. Босанушы әйелдің белін, ішін сипап, толғақты жансыздандыратын массаждар жасау, әйелдің дұрыс тыныс алуына, жүріп-тұруына, суын, тамақ ішуіне көмектеседі. Серіктестік босану – әйел босанғанда тек күйеунің болуы міндет емес, босануға анасы, құрбысы, жақын туыстарының бірі қатысуға құқығы бар. Серіктестік босануға қатысатын адам жауапты болуы керек, босану кезінде қорқыныш сезімін басуға, ауыртпашылықтарға төзуіне көмектесуі қажет.

Босану процессіне қатысатын серіктес мынадай көмек көрсете алады:

1. Әйелдің толғағы арасындағы уақытты бақылауы қажет.

2. Серіктес босанушы әйелдің есіне толғақ арасында босаңсуы қажет екенін ойына салып тұру;

3. Босанудың тез және жеңіл болуы үшін күйеу әйелмен бірге тыныс алуы қажет.

4. Қажет болған жағдайда серіктес босанушы әйелдің беліне массаж жасауы мүмкін.

5. Босанғанда серіктесі оның оған өзіне ыңғайлы позаны таңдауына көмектеседі. Әйел серіктесінің мойнына асылып тұрып босануы да мүмкін.

6. Серіктес босанушы әйелдің көңілін көтеріп, оны мақтап, тыныш, жайлы жағдай жасауы қажет.

Серіктесік босанудың міндетті шарттары:

✅ өзімен бірге ауыспалы аяқ киім әкелу;

✅ маскалық режим;

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: