Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сайлау күні жылжымалы медициналық кешен қызмет көрсетті

21.11.2022, 16:45 298

Кеше аймағымызда электрондық белсенділікті арттыру іс-шаралар жоспарына сәйкес, ауылдық елді-мекендерде тұрғындардың медициналық тексеруден өтуін қамтамасыз ету мақсатында Қармақшы, Жалағаш аудандық емханаларының ақ халаттылары жылжымалы медициналық кешенімен жолға шықты.

Иіркөл, Төребай би, Қуаңдария, Көмекбаев, Тұрмағанбет, Ақжар, Ақтөбе ауылдары мен Дәуімбай елдімекенінің барлығы 242 тұрғынына аудандық орталық емханалардың кардиолог, эндокринолог, терапевт, стоматолог, окулист, оталаринголог, офтальмолог, хирург, гинеколог, жалпы тәжірибелі дәрігерлері медициналық қызмет көрсетсе, қосымша флюорографиялық зерттеулер жүргізілді. Сонымен қатар, тарихи маңызы бар айтулы күнде халықтың өз болашағы үшін таңдау жасауға жауапкершілік танытуда психологиялық кеңестер берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: