Облыс көлемінде есірткінің заңды айналымы саласында құқықбұзушылықтарды анықтауға бағытталған «Дәрмек» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен есірткі құралдарының, психотропты заттардың және прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жалпы 75 мекеме, оның ішінде 38 дәріхана және 37 денсаулық сақтау саласындағы мекеме тексерілді.
Жалпы іс-шара барысында 20құқықбұзушылық дерегі анықталды, оның ішінде 6 қылмыстық және 14 әкімшілік құқықбұзушылық бар.
Атап айтқанда, есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзудың (ҚР ҚК 303-б. 1-б.) 1 дерегі, есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың 3 дерегі (ҚР ҚК 296-б. 4-б.), есірткі өткізудің ҚР ҚК (297-б 1-б) 2 дерегі, фармацевтикалық қызмет қағидаларын бұзудың (ҚР ӘҚБтК 426-б.) 8 дерегі, есірткі айналымы саласындағы объектілердің техникалық нығайтылу талаптарын бұзудың (ҚР ӘҚБтК 427-б.) 4 дерегі және лицензия талаптарын бұзу (ҚР ӘҚБтК 464-б.) мен заңсыз фармацевтикалық қызметтің (ҚР ӘҚБтК 424-б.) бір-бірдерегі анықталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!