Қазақстандық армияға 168 «Арлан» бронды автокөлік сатып алу үшін 82 миллиардтан астам теңге жұмсалады, деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа сілтеме жасай отырып.
Министрдің мәліметінше, 2016 жылдан бері әскери бөлімдерді техникамен қамтамасыз ету үшін «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» («КПИ») компаниясынан 138 «Арлан» (6×6) бронды автокөлігі сатып алынған.
«2022 жылы тағы 10 «Арлан» бронды техникасы алынса, 2023 жылы 20 «Арлан» бронды көлігін сатып алу жоспарланған. Осылайша қарулы күштерді нығайту мақсатында сатып алынған «Арлан» бронды көлігі 168-ге жетеді. Олардың жалпы құны 82 миллиард теңгеден асады», – деп жауап берді Жақсылықов мәжіліс депутатының сауалына.
«Арлан» бронды автокөліктері Қазақстанның әскери бөлімдеріне 2016 жылы жеткізілді. Қазақстан Оңтүстік Африа Республикасының Paramount Grou концернімен келісімге отырды. ОАР-да бұл көлік Marauder деп аталады. Бронды көліктің мұндай түрі Әзербайжан, Алжир, Иордания және Конгода бар.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!