Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Міндетке берік мамандар

20.07.2022, 16:00 692

HALYQLINE.KZ «Адам жанының арашасы» деп дәрігерлер қауымын айтады. Дана халқымыз осы сөзді тауып айтса керек, жан мен тән арасында уақыт жоғалтпай іске кірісіп, барын салатын мамандардың еңбегі ерен. Сол секілді бала дамуы мен сөйлеуі жолында дефектолог пен логопедтің рөлі айқын. Олар бала тілінің күрмелмей таза, анық қалыпты жетілуіне жағдай жасайды. Сондықтан осы мамандарға ерекше алғыс білдіре отырып, «Қызылорда қаласының №1 психологиялық-педагогоикалық түзету кабинеті» КММ-дегі дефектолог Мөлдір Алданазар, логопед Айткүл Баубекова апайдың еңбегін айтпай кетуге болмас. Ол кісілер – міндетіне берік мамандар. Өз ісінің шеберлері десек те болады.

Оқиғаны басынан баяндайын. 2017 жылдар аралығында Димаш, Нұрсұлтан есімді немерелерімді аталған мекемеге алып барып тұрдым. Қазір сол немерелерім барлық сабағын 4 пен 5-ке озат оқып жүр. Димаш 9-сыныпқа, Нұрсұлтан немерем 8-сыныпқа көшті. Сөйлеген сөздері, сөзге шешендігі көңілге қонымды, бұл кісілерге өте ризамын. Және қазіргі уақытта Береке деген немеремді де сол мамандарға апарып, нәтижесіне көңілім қуанып жүр. Себебі, өз саласына ден қойған жауапты дефектолог та, психолог те өз ісін адал әрі тыңғылықты атқарып, жас өскіннің күрделі жетілісінде сапалы істер атқарып келеді. Бұл мамандарға алғысымды білдіре отырып, жұмыстарына сәттілік тілеймін. Жұмыстарына береке, отбасына амандық, бақыт қонсын деген тілегімді білдіргім келеді. Жалпы, еліміздің болашағы – дені сау және сауатты ұрпақ. Сондықтан, аталған мамандардың ел ігілігі жолындағы жұмыстары жемісті болсын!

Тілек білдіруші Димаш, Нұрсұлтан, Береке есімді

балалардың әжесі Баян Құрманбаева

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: