Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Карантиндік шектеулер енгізіле ме?

13.07.2022, 12:55 383

Елімізде Covid-19-дың қайта өршуі салдарынан облысымызда соңғы тәулік бойынша вирус жұқтырушылар саны 19-ға жетті. Қызылорда қаласынан – 14 жағдай, Қармақшыдан – 2 және Шиелі, Жаңақорған аудандарынан 1-2 жағдайдан тіркелген.  Ал, жыл басынан бері коронавирус инфекциясымен 4748 науқас тіркелген. Сондықтан, аймақтық денсаулық сақтау басқармасы мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бұл ахуалға қатаң түрде шаралар қолданбақшы. Осыған орай, олар өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстағы эпидемиологиялық мәселелерге байланысты брифинг өткізді. Дәлірек айтатын болсақ,  облыстық  санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Мүтәліпқызы:

– Облыстағы коронавирус індетімен ауырып жатқан адамдардың көпшілігі, нақты айтқанда 80 пайызы вакцина алмағандар екені белігілі болды. Соған байланысты, вакциналау және ревакциналауды қайтадан егу шаралары қатаң түрде жүргізілетінін айта кеткен жөн. Әзірше, облысымыз – «жасыл» аймақта. Дегенмен, жаз айларының аптап ыстығында індеттің көбеюі мүмкін. Егер «сары» аймаққа өтетін болсақ, міндетті түрде карантиндік шектеулер енгізілетін болады, – деді. 

Айта кетейік, қайтадан егу басталғаннан аймағымызда тек 5,2 пайызы ғана вакцина алған. Сондай-ақ, республикалық денсаулық сақтау басқармаларының келісімімен өңірімізге Батыс Қазақстан облысынан 2 мыңнан аса Pfizer вакцинасы және 12 мыңнан жоғары  QazVac вакцинасы келеді деп күтілуде. Сонымен қатар, облыста 2021 жылдың 22 қарашасынан ревакциналау жұмыстары басталғалы, бүгінге дейін 228 265 тұрғын екпе алды.  Пандемия әлі аяқталған жоқ, сондықтан вакцина мен ревакцинаның пайдасына қарай дұрыс таңдау жасау керек, бұл иммунитеттің қалыптасуына және эпидемиологиялық жағдайды ұстап тұруға септігін тигізеді.

Ендігі уақытта қалың бұқарадан тек сақтық шараларын мұқият сақтап, мүмкіндігінше адам көп шоғырланған жерлерге бармауын сұраймыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: