Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Пандемия аяқталған жоқ»

28.06.2022, 10:55 359

HALYQLINE.KZ

Елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты болғанына қарамастан, зерттеушілер ревакцинация алу қажет екенін айтады, өйткені адам ағзасын вирустан сақтандыру үшін күшті қорғаныс қажет. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Алда аурудың өсуі популяциядағы омикрон штамының BA.4/ВА.5 субварианттарымен таралуына байланысты болуы мүмкін, олар алдыңғы түрлеріне қарағанда, иммунитетті айналып өту қасиетіне ие. Сонымен қатар, аурудың өзінен басқа, коронавирустың жаңа нұсқалары постковид синдромының дамуына әкелуі мүмкін, бұл жылдар бойы жағымсыз белгілердің жалғасуын, тіпті мүгедек болып қалу қаупін төндіреді», – деді ол.

Оның айтуынша, ауру асқынған жағдайда бұл тиімді құрал бола алады.

«Ревакцинация елімізде ауруханаға жатқызуға қарсы тиімді және аурудың ауыр, асқынған жағдайларына қарсы 98,6 пайыз тиімді болады. Сонымен қатар, бұл постковид синдромнан қорғауға мүмкіндік береді. Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарына сәйкес кейінгі алынған екпеден немесе ауырғаннан кейін жарты жыл аралығымен қайта вакцинациялауға болады», – деді Ержан Байтанаев.

Зерттеулер бірнеше рет жасалған вакцинациядан кейін антидене титрлері күшейе түсетінін көрсеткен, яғни қорғаныс жоғары болады.

Ол қазір көбінесе вакциналанбаған және бір жыл бұрын екпе алған, ревакцинациядан өтпеген адамдар вирус жұқтырып жатқанын айтты.

«Біз барлығын вакцина алуға және ревакцинациядан өтуге шақырамыз. Себебі ауруды тоқтатудың жалғыз жолы – ұжымдық иммунитет. Көптеген адам пандемия аяқталды деп ойлайды, біз барлық шектеулерді алып тастадық, бәрі босаңсып, қайта вакцина алуға бармайды. Бірақ бұл үлкен қателік. Біз әр адамды жағдайды нашарлатпау үшін саналы түрде вакцинациядан немесе ревакцинациядан өтуге шақырамыз», – деді санэпидбақылау комитетінің ресми өкілі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: