Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Зейнетақы қорындағы жинақтың жеткілікті шегі артады

17.03.2022, 12:20 613

HALYQLINE.KZ 1 сәуірден бастап зейнетақы жинақтарының жеткілікті шегі артады. Бірыңғай зейнетақы төлемдерін бұрынғы шарттарын пайдалану үшін 28-29 наурызға дейін enpf-otbasy.kz платформасына өтініш жіберу қажет. БЖЗҚ 31 наурызына дейін келіп түскен өтініштер бойынша 2021 жылға есептелген төменгі жеткіліктілік шегіне сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдерін жүргізеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БЖЗҚ Қызылорда облысы филиалы директорының орынбасары Алмас Сәрсенбаев хабарлады.

– Жинақталған зейнетақының бір бөлігін пайдалану үшін Үкіметпен белгіленген әдістемеге сәйкес ең төменгі шегінен асу керек. 15 айдың қорытындысымен республика бойынша 1 млн 457 мыңнан астам өтінім келіп түсті. Оның 925 мыңға жуығы әртүрлі мақсатпен зейнетақы қорындағы қаржысының бір бөлігін пайдаланды. Ал облыста 29 600 өтінім түссе, 22 мыңнан аса өтініш қанағаттандырылды. Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану үшін азаматтар өз қорларындағы жинақтарын тексеріп, БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотында алуға болатын соманың бар екеніне көз жеткізулері тиіс, – деді Алмас Сәрсенбаев.

Отбасы банкіндегі жинақ шотында жеткілікті шегінен асатын 35 жасқа дейінгі азаматтардың үлесі 30,4 пайызды құрады. Қордағы жинақталған қаржыны баспана алуға, емделуге, тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына пайдаланушылар қатары көп.

– Отбасы банкіндегі бірыңғай зейнетақы төлем қосылған депозит көмегімен үш жыл ішінде бір банктік қарыз шарты бойынша баспана алу үшін тұрғын үй, аралық немесе алдын ала заем алуға болады. Сонымен қатар Отбасы банкіндегі несиені қайта қаржыландыруға, жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге мүмкіндік бар. Биылғы жылдың 5 наурызынан бастап отбасы банкіндегі депозитті жаппай БЗТ зейнетақы қорына қайта қайтару мүмкіндігі туды. Бұрын бұл салымды тоқтату шартымен ғана жүзеге асырылатын еді, – деді “Отбасы банкі” Қызылорда облысы филиалының директоры Әділжан Сәулебаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: