Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қызыл» мәртебесіндегі заң бұзған қызылордалықтар қанша?

07.02.2022, 16:30 316

HALYQLINE.KZ Өткен жылдың сәуірінде қолданысқа енгізілген «Ashyq» жүйесі кәсіпкерлік нысандар қызметі мен эпидемиологиялық ахуал арасындағы теңгерімді сақтау бойынша өз тиімділігін көрсетіп отыр.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы №7 Қаулысына сәйкес «Ashyq» жүйесі қызметтің 38 түріне енгізілген. Бүгінгі күні Қызылорда облысында 3 972 нысан «Ashyq» жүйесіне қосылған. Басым көпшілігі қоғамдық тамақтану объектілерінің үлесінде.

Жүйе іске қосылған сәттен бастап «қызыл» және «сары» мәртебемен 1 282 тұлға карантиндік оқшаулану тәртібін бұзған. Олардың ішінде ПТР-дің оң нәтижесімен 863 науқас және 419 байланыста болған адам бар. Мониторинг нәтижесі көрсеткендей, бұзушылардың басым көпшілігі коронавирус инфекцисына шалдыққан науқастар. Олар ауру тасымалдаушысы екенін ескерместен, қоғамдық орындарға барған. «Ashyq» жүйесі осындай карантин талаптарын бұзушыларды дер кезінде анықтап, қауіптің алдын алады.

Ағымдағы жыл басынан бері 124 тұлға үйде оқшаулану тәртібін сақтамаған. Оның 121-і – «қызыл» статус, 3-еуі – «сары». ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес індетке шалдыққандығын біле тұра, карантин талабын бұзған 2 адамға жалпы көлемі 100 мыңға жуық айыппұл салынды. Ал науқастармен қарым-қатынаста болған 3 адамға оқшаулану тәртібін сақтау туралы Қаулы шығарылды.

Карантин талаптарын бұзушылықтар әсіресе қоғамдық тамақтану, сауда объектілерінде, сондай-ақ темір жол вокзалы мен әуежай жолаушыларынан көптеп анықталуда. Дегенмен соңғы уақытта індетке шалдыққан науқастар мен олармен байланыста болған тұлғалар арасында оқшаулану тәртібін бұзу жағдайлары азаюда.

Коронавирус инфекциясының облыс тұрғындаыр арасында таралуын болдырмау мақсатында «Ashyq» жүйесі бойынша бұзушылықтарды анықтау жұмыстары жалғасуда.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: