HALYQLINE.KZ 20.11.2021 жылы жергілікті уақыт сағат 06:27 шамасында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының «102» арнасына Шымкент қаласының тұрғыны хабарласып, Қызылорда қаласының тұрғыны келіп қорқытып, ұялы телефонын және ақшасын тартып алып кеткенін айтқан.
Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған тонау) тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Тергеп-тексеру барысында 20.11.2021 жылы сағат 04:00 шамасында арызданған азаматша ұялы телефоны арқылы бейтаныс азаматпен танысып, оны мекенжайына шақырған.
Сөйтіп, арада шамамен 30 минуттан кейін үйіне екі азамат келіп, артынан тағы екі азамат кіріп, оларды қорқытып, ұялы телефондарын және ақшаларын тартып алып кеткен.
«Қылмыстық іс бойынша Қызылорда облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы және Қалалық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген жедел іздестіру-шаралараның нәтижесінде бұл қылмысқа қатысты күдікті қатарында Қызылорда қаласының екі тұрғыны құрықталып, олардан айғақты заттар алынып, аталған тұлғалар өз кінәларын толықтай мойындады. Олар қамаққа алынды. Қазіргі таңда бұл қылмысқа қатысы бар басқа да азаматтар іздестірілуде», – деп атап өтті Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!