HALYQLINE.KZ Facebook және Instagram әлеуметтік желілері мен WhatsApp мессенджері (бәрі Facebook корпорациясына тиесілі) дүйсенбі күннің екінші жартысында істен шықты.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерде ақау болғанын барлық елдің, атап айтқанда АҚШ, Батыс Еуропа және Ресейдің қолданушылары хабарлады.
Корпорация расында ақау болғанын, оны шешіп жатқанын мәлімдеді.
Мәлімет бойынша, DNS-те ақау болған. Facebook.com немесе Instagram.com желілері жайында мәлімет беретін DNS жазбалары ғаламдық бағыт кестесінде өшіп қалған деп жазады The Independent тілшісі Брайан Кребс.
Reuters сауалнамасы бойынша, сарапшылар техникадан ақау кету мүмкін деген пікірлерін жеткізген. Хакерлік шабуыл болуы мүмкін деген болжам екіталай дейді.
Осы сәтте АҚШ биржасында әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің істен шығуына байланысты негізгі көрсеткіштен төмен түскен, атап айтқанда NASDAQ акциясы 2 процентке, Facebook акциясы 5 процентке құлдыраған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!