Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Білім саласына қатысты маңызды мәселелер қамтылды

15.09.2021, 10:55 431

«Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан Республикасы Президентінің дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауы бұл Қазақстан тұрақтылығын сабақтай отырып оны одан әрі дамытуға арналған стратегиялық құжат деуге болады. Себебі, бұл Жолдауда саяси, экономикалық әлеуметтік өсіп өркендеудің нақты қадамдары көрсетілген.

Мемлекет басшысы бұған дейінгі Жолдауларындағы сияқты, саяси реформалар тақырыбына үлкен тарау арнаған, сонымен қатар мемлекет басшысының осы Жолдауы білім саласына қатысты маңызды мәселелер қамтылды. Соның ішінде білім саласына, медициналық, техникалық қызметкерлердің, кітапханашылардың айлық жалақысын көтеруге қатысты өте қажетті, оңтайлы ұсыныстар айтылды. Ең бастысы – білім саласы алдағы уақытта бәсекелестікке қабілеттілік тұрғысынан бір қадам алда жүруі керек екеніне ерекше мән берілді. Айталық, бала өз мектебінен басқа жерге бармай, жолға уақытын кетірмей, білім алып отырған ошағында өзіне қажетті дағдыларын, ғылымға, шығармашылығына жол ашар қасиеттерін дамытатын болса, осынын өзі тәрбие саласындағы көптеген мәселелерді шешуге негіз болар еді. Сондықтан мектеп салу бастамаларын қуана қабылдаймыз.

Әмірхан НҰРЫМОВ,

саяси ғылымдарының кандидаты,

Қызылорда «Болашақ» университетінің қоғамдық пәндер,

тарих және география кафедрасының аға оқытушысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: