Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бас санитар – Бас паникер болғаны қиын екен…

11.03.2020, 15:39 556

Күлдік… Жүрекке күдік ұялады. Бала-шағаға алаңдайсың. Бекшиннің мәлімдемесі біздің үкіметтің сауатсыздығын аша түсті.

1) болжамы бойынша ертең коронавирус елге тап беретін болса ересектерді былай қоя тұрып бүгіннен мектептерді жауып, балаларды қорғауды қолға алмай неге тапжылмай отыр;

2) вирус келмей қалса, Бекшин неге дүрліктірді, ел маска іздеп, түрлі дәрі сатып алып, үйді адыраспанмен аластап у да шу;

3) ауру шыққан ғой, әйтпесе айтпас еді, енді қалай болар екен? деп ел-жұрт Бекшиннен емес, бір-бірінен сұрауда. Үрей. Оны өзге емес, бас санитар септі. Қытайда науқастар азайып, коронавирусқа қарсы ашылған ауруханалар біртіндеп жабылып, алаң көңіл әлемге аздаған сабыр кіре бастағанда Қазақстан сенген маманның байбалам салып бал ашуы бұл салаға деген сенімді мүлдем семдірді.

(Серік Әбікенұлының ФБ парақшасынан алынды.)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: