Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеңіздер. Ауыра қалсаңыздар, мына дәрілер жаныңыздан табылсын.
1. Парацетамол
Парацетамол – әлемдегі ең әйгілі дәрі. Бұл дәрі негізінде Панадол, Эффералган секілді бірнеше дәрі шығарылады. Парацетомол – бас, тіс ауруын басатын, сонымен қатар қызуды түсіретін дәрінің түрі. Оны кішкентай балалар да, ересектер де тұтынуға болады. Алайда ол бауыры ауыратын адамдарға кері әсерін тигізеді.
2. Іш өтсе – Лоперамид
Ішке бұл дәрінің әсері Имодиумнен кем емес. Есесіне бағасы оған қарағанда әлдеқайда арзан. Егер ішіңіз қатты өтсе, лоперамидтің 4 мг тұтыныңыз. Бір ескерте кететін жайт, 5 жасқа толмаған балаларға 2 мг артық ішуге болмайды.
3. Ағза тітіркенсе (аллергия) – Диазолин
Бұл бәрімізге белгілі Эриус дәрісінен кем түспейді. Аллергияға қарсы тұрады және іш ауруларының алдын алады. Бұл дәрінің арнайы кішкентай балаларға арналған түрі де бар.
4. Тыныштандыру үшін – Валерьянка
Валерьянканы қарапайым халық бұрыннан бері қолданып келеді. Дәрігер мамандардың айтуы бойынша, оның адам денсаулығына тигізер пайдасы мол. Бірақ 12 жасқа толмаған балаларға ішуге болмайды.
5. Жүрек ауырса – Нитроглицерин
Бұл жүрек ауруын басатын дәрі. Сонымен қатар, қан тамырларын кеңейтіп, қан ағысын жақсартады. Жүрек қыспасы кезінде де жаныңызда болғаны дұрыс. Алайда бұл дәрінің бір кемшін тұсы – бас ауруына әкеліп соқтыруы әбден мүмкін.
6. Қан қысымы көтерілсе – Папазол
Бұл дәріні көбіне стенокардия мен гипертония ауруларына шалдыққан адам ішеді. Папазолды 2-3 күнде 1 таблеткасын ішсе жеткілікті. 12 жасқа жетпеген балаларға беруге болмайды.
7. Уланып қалған жағдайда – белсендірілген көмір
Бұл – әлемдегі ең танымал дәрілердің бірі. Ішек-қарын жолдарын тазалауға көмектеседі. Бірақ өзіңізбен бірге 2 бумасын алып жүруіңіз қажет. Себебі бұл дәріні салмағыңызға қарай ішесіз (10 кг – 1 таблетка).
Әлеуметтік желіден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!