Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы нені өзгертті?

07.12.2020, 17:30 433

HALYQLINE.KZ

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов коронавирустың таралуына жол бермеу туралы қаулысына өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жаңа қаулыға сәйкес, Қазақстанға шетелден келетін барлық жолаушы ПТР-тест теріс нәтижесі бар анықтаманы көрсетуі тиіс. Бұған дейін ондай талап әуе рейстерінде ғана болған. Енді, теміржол мен теңіз қатынасымен, сондай-ақ, автобекеттер арқылы шекарадан өткен адамдар да ПТР-тест анықтамасын алып жүруге міндетті болады. Анықтаманың мерзімі – 3 күн. Дегенмен, кейбір санаттағы адамдар тест нәтижесін көрсету міндетінен босатылған. Олар: 

  • 5 жасқа дейінгі балалар;
  • Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациялары;
  • локомотив бригадаларының мүшелері;
  • теміржол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдар;
  • әуе компанияларының экипажы.

Бұдан бөлек, бас мемлекеттік санитар дәрігер перзентханада босану кезінде көмекші адамның кіруіне рұқсат берді. Алайда оның 3 тәуліктен аспаған ПТР-тест анықтамасы болуы шарт.

Айта кетсек, өткен тәулікте елде 712 адам COVID-19 жұқтырды. Жалпы пандемия басталғалы 136 983 тұрғын індетке шалдықты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: