Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жарақаттың алдын ал!

04.12.2020, 13:50 525

HALYQLINE.KZ

Жол-көлік оқиғаларына байланысты түрлі жазатайым жағдайлардың болуына тек көлік тізгіндеген азаматтар ғана емес, жаяу жүргіншілер де себепші болып жатады. Жұмыс барысында жол жарақатын жиі кездестіретін жол полициясы қызметкерлерінің жедел жәрдем келгенше алғашқы көмек көрсететін жағдайлары жиі кездеседі. Осы орайда, Қызылорда облысы бойынша «Жастар денсаулығы орталығы» мемлекеттік мекемесі мен Заңды тұлғалар бірлестігі «СӨСҚ мамандарының ассоциациясы» ЖШС-нің тапсырысымен, қалалық полиция басқармасының қызметкерлері арасында әлеуметтік жоба аясында «Жарақаттану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек!» тақырыбында акция өткізілді. Акция барысында «Қызыл Ай» қоғамдық қоры еріктілерінің көмегімен, жарақат алған адамға дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетуді үйрету мақсатымен тәжірибелік көріністер көрсетілді. Барлығы 80 адам қамтылып, 500 дана ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

А.Алтаева,

валеолог

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: