Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сенатор мен вице-министр Сыр еліне жұмыс сапарымен келді

08.09.2020, 12:10 877

HALYQLINE.KZ Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаторы Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы мен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният 7-8 қыркүйек аралығында Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс сапары алдымен Жалағаш аудандық ауруханасы құрылысымен және аудандық емхананың күзге дайындық жұмыстарымен танысудан басталды. Аудандық аурухананың құрылыс жұмыстарымен аудан әкімі А.Ө.Шаменов таныстырса, жалпы аурухана мен емхананың күзге дайындық жұмыстарын аудандық аурухананың бас дәрігері Бурамбаева Баян Рүстембекқызы баяндады.

Іссапар одан әрі Төретам кентіндегі №80 орта мектебіне жалғасты. Онда мектептегі жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына қанықты.

Одан соң Төретам кентіндегі ауылдық аурухана жұмысымен танысты. Онда аурухананың күзгі толқынға дайындық жұмыстарын Байқоңыр қаласындағы көпбейінді аурухананың бас дәрігері Әділхан Жандос Қойшыбайұлы баяндады.

Аурухана жұмыстары бағаланғаннан кейін, сапар №272 орта мектебіне жалғасты. Мектептегі жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары көрсетіліп, сапар Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасына жалғасты. Онда аурухана жұмыстарымен танысқан соң, медицина қызметкерлерімен кездесіп, мамандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Жұмыс сапарының алғашқы күні осылайша аяқталды.

8 қыркүйек күні ҚР Парламентінің Сенаторы Ақмарал Шәріпбайқызы мен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, Ұлттық сараптама орталығы, облыстық көпбейінді аурухана және №3 қалалық емхананың жұмысымен танысатын болады.

Жалағаш ауданы

Жалпы 33172-ні құрайтын Жалағаш ауданы халқына – аудандық орталық аурухана, аудандық емхана, 12 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік бекет, 3 медициналық бекет медициналық қызмет көрсетеді.

Коронавирус пандемиясына қарсы күреске 182 медицина қызметкерлері жұмылдырылды. Оның ішінде дәрігерлер – 24, орта медицина қызметкерлері – 138, кіші аяжандар – 20.

Осы медициналық қызметкерлерге 65,6 млн тенге үстемақы төленді.

Аудан бойынша короновирус инфекциясын жұқтырған 111 жағдай тіркелген, жазылып шыққан науқастар саны – 1019, яғни 98,1%.

Провизорлық стационарда 215 науқас ем алып шықты, айта кететін жағдай төсек орын жүктемесі шілде айының басында 87,8%-ды құраса, ең соңғы науқас 24 тамызда емделіп шығып, бұл бөлімше жабылды.

Ал карантиндік стационарда 296 азамат бақылауда болған, барлығына медициналық бақылау мен арнайы тексеріс жасалынып, карантиннен шығарылған.

Аурухана бойынша өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) ИВЛ аппараты – 4 дана. Қазіргі таңда осы аппараттың 2 данасы КВИ инфекцияда, 2 данасы орталық аурухананың реанимация бөлімшесіне орналастырылған. Бұдан басқа, Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасына 2 ИВЛ аппаратына өтінім берілді. Аурухана 28 дана оттегі концентраторы, 40 дана оттегі балондарымен және арнайы құрал-жабдықтармен толығымен жабдықталған. Науқастардың толық ем алуына барлық жағдай жасалған. ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде толықтай дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуде.

Аудан көлемінде коронавирус инфекциясымен ауырғандарды бақылау мақсатында эпид маусымның басында (5 инфекциялық, 9 провизорлық, 30 карантиндік) барлығы 44 төсек орын ашылған болатын, алайда аурудың күрт көбеюіне байланысты 105 төсек орынға дейін жеткізілді (25 инфекциялық, 80 провизорлық).

Аудандағы эпид ахуал күрделенген жағдайда «Ақтерек» жазғы лагерінде – 50, Аққұм дәрігерлік амбулатогриясында – 100, барлығы 150 қосымша прозиворлы орын жасақталады деп жоспарлануда).

Короновирус инфекциясымен ауырған және пневмония ауырған науқастарды үйде бақылауды ұйымдастыру бойынша жұмысшы 8 мобильді топ (кентте 3, елді мекенде 5) құрылды. Топтың құрамында 1 аймақтық жалпы тәжірибелі дәрігер, 1 аймақтық жалпы тәжірибелі мейіргер күнделікті бақылау жұмыстарын жүргізуге арнайы автокөлік, жүргізуші бекітілген. Бүгінгі күнге дейін барлығы 960 шақырту орындалған, оның ішінде әкімшілік тарапынан бөлінген кезекші көліктермен орындалған шақыртулар саны – 392. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен ағымдағы жылдың 13 шілдесінен бастап пневмония диагнозы қойылып, амбулаторлы емді қажет ететін науқастарға «Үй жағдайындағы стационар» қызметі қосылды. Бүгінгі күнге дейін 62 науқас үй жағдайында ем алды.

Жалағаш ауданы бойынша эпид ахуал тұрақталуда, короновирус инфекциясының алдын-алу және таралуын болдырмау бағытындағы жұмыстар қатаң бақылауда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: