Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда вирус пневмониясына шалдыққандар саны бірден өсті: бір тәулікте 571 адам

04.09.2020, 8:50 479

HALYQLINE.KZ

2 қыркүйекте Қазақстанда вирус пневмониясына шалдыққан 571 адам анықталған, 6 адам пневмонияның осы түрінен қайтыс болған. 79 адам жазылған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Елде ресми мәліметке сәйкес, вирус пневмониясына шалдыққандар саны күрт құбылып тұр. Бір күн бұрын белгілері коронавирусқа ұқсас пневмония 27 адамнан анықталған еді.

1 тамыз бен 2 қыркүйек арасында вирус пневмониясына 26 322 адам шалдыққан. 301 адам қайтыс болған. Осы аралықта 5 773 адам жазылған.

Ведомство мәліметінше, 2 қыркүйекте коронавирус инфекциясынан 6 адам қайтыс болған. Наурыз айынан бері Covid жұққаны тестпен расталған барлығы 1606 адам қайтыс болған.

Қазір коронавирус инфекциясынан 6 459 адам емделіп жатыр. 34-і – бала. Стационарда – 3 196 науқас, амбулаторлық жағдайда 3 263 адам емделіп жатыр. 171 адамның жағдайы – ауыр, 19 адамның жағдайы өте ауыр, 28 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Ал пневмониядан қанша адамның емделіп жатқаны туралы мәлімет жоқ.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пен белгілері коронавирусқа ұқсас науқастар есебін біріктіруге кеңес берген. Екі есепті қосқанда елде науқастар саны 132 354 адамға жетеді. Адам өлімі 1900-дан асады.

Дереккөз: centralasian.org

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: