Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Темекі тұқылын жерге тастаған қызылордалықты дрон анықтады

23.10.2026, 16:55 64

Қызылордада темекі тұқылын тұрғын үйдің ауласына тастаған азамат дрон арқылы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Halyqline.kz.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтарды анықтау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланып жүр.

Осындай бақылау барысында көпқабатты тұрғын үйдің ауласында темекі шеккен азаматтың тұқылды жерге тастағаны тіркелген.

Полиция оның Қызылорда қаласының 43 жастағы тұрғыны екенін анықтады.

Аталған дерек бойынша азаматтың әрекетіне құқықтық баға беріліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сот шешімімен оған айыппұл салынды. Алайда айыппұлдың нақты мөлшері хабарланған жоқ.

Облыстық полиция департаменті тұрғындарды қоғамдық орындарды ластамауға, қоқысты белгіленген жерге тастауға және тазалық талаптарын сақтауға шақырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: